Суббота, 24 мая, 2025
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 2023 – 2024 оқу жылына 36 колледж жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік – 27, жекеменшік – 9. Ағымдағы оқу жылында колледждерде 16 792 адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 151 мың адам (66,5%), ақылы негізде 5615 адам (33,5%). 2023 – 2024 оқу жылына 5640 адам қабылданды, күндізгі оқуға – 5316 адам, сырттай оқуға – 324 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 3932 адам қабылданды: жұмысшы мамандықтары бойынша – 1926 адам, орта буын мамандықтары бойынша – 2074 адам. Есепті деректер бойынша күндізгі оқу нысаны түлектерінің жұмысқа орналасуы 79,0%-ды құрайды. Үлгідегі ұйымдарда кадрлар даярлау өңір экономикасының мынадай салалары: құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, байланыс және ақпараттандыру, экономика үшін 69 мамандық бойынша 102 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Өңіріміздегі 22 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өз қамқорлығына алу жөнінде 25 кәсіпорынмен келісімдер жасалып жұмыстар атқарылуда.

Дуальды оқыту формасы

Облыста дуальді оқытуды енгізетін колледждер саны 21 мемлекеттік және 5 жекеменшік. Онда мамандар даярлау 2457 адам контингентімен технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім салалары үшін 35 мамандық бойынша жүргізіледі. 114 кәсіпорынмен  2457 шарттар мен келісімдер жасалды, олардың шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді. Колледждердің негізгі серіктестері «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Агрореммаш» АҚ, «Балзия» ЖШС және т. б.